Біріккен ұлттар ұйымының стандарты бойынша Қазақстанда кедейлердің деңгейі 19%. Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун осылай деп отыр. 

«Дамушы елдерде кедейлерді анықтау көрсеткіші 1,25 доллар. Бұл  бір адамның күнделікті кірісі. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстандағы кедейлік деңгейі 1%-дан төмен. Дегенмен Қазақстан үшін кедейлік деңгейі шамамен 5 доллармен есептеледі (кедейлік деңгейін анықтау бойынша БҰҰ ұсынған стандартқа сәйкес, бір күндік күнкөріс деңгейі). Мұндай жағдайда көрсеткіш 19%-ды құрайды", - дейді ол.

Сарапшының сөзінше, көрсеткіштің бұлай жоғары болуына девальвация салдарынан болған тұрақсыз сауда әсер еткен. "Бұл шын мәнінде орта және төменгі топтағы халықтың кірісіне оң ықпал етпеді. Сондықтан өсімнің алдын алатын жаңа модель керек", - деп атап Дүниежүзілік банктің өкілі.

Шетелдік банк өкілі кедейліктің алын алуға көмектесетін басты секторларды да атап өтті. Оның сөзінше, елімізде ауыл шаруашылығы, металлургия салаларын жандандыру керек және цифрлы экономика мен кадрларды жұмысқа алу процесін дамытуды қолға алған жөн.