Хакерлер The Walt Disney базасына ұрлыққа түсіп, компанияның жақында жарыққа шығатын фильмін қолды қылған. Hollywood Reporter басылымының хабарлауынша, белгілі бір көлемде ақша төлемейінше, фильмді алдын-ала желіге салып жіберетіндіктерін айтып отыр. Бұл туралы компания президенті Роберт Айгера мәлімдеді.
Қомақты қаржыны толық төлемейінше, хакерлер алдымен фильмнің 5 минуттық бөлігін, кейін 20 минуттан желіге салып отыратындықтарын айтқан. Компания президенті дәл қай фильм екендігі туралы әзірге ешқандай ақпарат бермеді.
Компания құн төлеуден бас тартқан, қазір іс құқық қорғау органдарына жіберіліп, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.