Қытай «Бір белдеу, Бір жол» форумын дабыралы өткізіп жатыр. Бұл әлемдегі кейбір аймақтардың негіздік құрылымдарын жебейді.  Қытай басшысы Ши Жинпиң (Си Цзиньпин) жиналыста Қытай еркін сауданың үндеушісі болады деген пікірін білдірді.

"The Wall Street Journal" басылымының айтуынша, екі күнге жалғасқан форумға 29 елден мемлекет басшылары және он неше елдің жоғары дәрежелі өкілдері қатысты. Қытай басшысы Ши Жинпиң ашылу сөзінде: "Осы  алып жоба арқылы Азия-Еуропа, Африка , Қытай қатынасын тіпті де нығайта түсуге болады. Мақсатымыз  тек экономикалық, қаржылық  қатынасты күшейту ғана емес. Бұны іске асыру үшін әр қайсы ел одақтастық қарым-қатынасты бұзып, жаңа халықаралық қауіпсіз үлгіні құруы керек", – деді.

Қытай басшысы сөзінде еркін сауда жаршысы ретінде, «Бір белдеу, Бір жол» бағдарламасын қолдайтын елдерге $ 10 трлн береміз  деп уәде етті.

«Бір белдеу, Бір жол» жобасы Ши Жинпиң  ортаға қойған ең үлкен сыртқы саясат үндеуі деуге болады. Яғни, бұл аса ірі жоба порт, темір жол, құбыр жолы, өнеркәсіп бақшасы қатарлы желілік күйдегі аса үлкен жоба саналады.

Жиналысқа қатынасқан Ресей, Түркия, Филиппин, Индонезия, Грекия, Венгрия, Чили, Аргентина қатарлы елдердің басшылары бұл жобаны қолдайтындарын айтты.

Қытайдың бұл қадамы бірнеше күмәнді ойлар туғызды. Бір бөлім саясаткерлер: "Қытайдың мұнысы өзінің стратегиялық мүддесін ырықты орынға шығару  үшін"  десе, кейбір сарапшылар:  "Қытай осы арқылы халықаралық  базарда өзінің компанияларын басты орынға шығармақ болып отыр" деп қарайды. Бұған Шри-Ланка, Қырғызстан сияқты азия елдері ашық қарсы тұрды.  АҚШ және Еуропа бизнес топтары Қытай сыртқы сауда базарын тартып алып, ел іші базарларын қолда мықтап ұстамақшы деп қарап,  бұл бастамаға болған наразылығын  күшейтті.

Осы реткі жиналыста АҚШ-тың Мемлекет қауіпсіздік  комитетінің басшысы  қысқа ғана  пікір білдірді. Ол  Қытайды  халықаралық жобада  ашық-әшкере болумен бірге, тәртіпті де қатаң сақтауға шақырды. Ал, бұл шараға Үндістан қатынаспады. Себебі, үнді елі  Пәкстан  аумағынан өтетін  Жібек жолы  құрылыс нысандары Үндістанға тәуелді деп санайды.

«Бір белдеу, Бір жол» жобасы ортаға қойылған үш жылдан бері, Ши Жинпиң және басқа да Қытай басшылары бұл жобаны басқа елдермен селбестік орнату үшін деп сипаттаумен  келеді. Сонымен әр елдің басты құқықтары мен қоғамдық түзім, даму жобалары және өзекті мүдделеріне құрмет ете отырып,  селбестік құру ұранын көтеруде.

Қазір АҚШ президенті Трамп сауда салығын қорғауды іске асырып, Азия сауда ұйымынан  шығуға бел байлады . ЕО болса Ұлыбритания одақтан шығуына байланысты тығырыққа тірелуде.    Сонымен қатар, саяси қысымдарға да  дүп келуде. Бұның барлығы Қытай үкіметінің бүкіл әлемнің бұйдасын   қолға алуына  орай болып тұр.

Аталған форумда әлем назарын аударған алып жобасын жақсы жағынан танытуға тырысқан, Қытай елінің ұсынысы көптеген сарапшылардың назарын аударды. Мысалы,  Боливия,  Бахрейн,  Грекия қатарлы жеті мемлекеттің қатысуымен басталып,  бұл күнде 77 мемлекеттің қолдауына ие болған Қытайдың Азия банкі (Asian Infrastructure Investment Bank). Бұл Қытайдың  әлемдегі экономика мен саясатта ырықты орынға шығып келе жатқанын көрсетеді. Әр елдің сарапшылары ұқсамаған пікірлер білдіруде. Дегенмен,  көп санды сарапшылар  Қытайдың халықаралық жобалар арқылы төңіректегі елдерді мойындата бастағанын айтуда. Ақш-тың бұрынғы қазына министрі Henry Paulson: «Қытай жаһандану дәуірінде сара жол салып келе жатыр» деп алқады. Ақша қорын бақылаушы қоғамның (Observer Research Foundation) төрағасы Sudheendra Kulkarni: "Бұған қол көтеріп келісу жеткіліксіз.  Не десек те ешкімнің ойына кірмеген, адам нанғысыз жобаны Қытай ғана ортаға қойып отыр. АҚШ бұл күнде өз елінің ішкі қуатын күшейтуге бар күшін салып жатыр,  ал,  Қытай халықаралық істердің тізгінін қолына алуға қамдануда»,– деп алқай кетті.

Жексенбі күнгі форумда Қытай басшысы «Жібек жолының» екі мың жылдық тарихы жайлы театрланған қойылымды өз ойымен ұштастыра сөйлеген болатын. Ол тарихтағы  Жібек жолы құрлық және теңіз жолдары арқылы мәдениет алмасу және сауда-саттық дамыту барысындағы қолға келтірген табыстарын баса айтты.  Егер Жібек жолы болмаса әлемнің мүлде басқаша болатынын да сөз етті.

Әрине, отызға тарта мемлекет қол қоюға тиісті бұл жоба, ертеңгі күні бар игілікті жоба авторына тәуелді етпесіне кім кепіл. Халықаралық байланыс пен саудада біреу ұтылатыны,  біреу жұтылатыны,  ал біреуі Ұлыбритания секілді қашып құтылатыны даусыз. Қазірше,  әр қайсы ел сақтықпен шешім қабылдауға тырысуда.  Жобаны қолдаушы елдерге $ 10 трлн беретіні де тегін болмаса керек.

“The Qazaq Times”