Galaxy S8 және S8+ құрылғыларының табысы бүкіл әлем бойынша рекордтық алдын ала тапсырыс санымен көш бастады (тек Оңтүстік Кореяның өзінде жарты миллионнан аса алдын ала тапсырыс берілген). Жетекші талдаушылардың пайымдауы бойынша жаңа үлгілер Galaxy S тізбегі тарихындағы орнатылған сату рекордтарын бұзуға қабілетті.

Samsung компаниясының ақпараты бойынша Galaxy S8 и S8+ смартфондарының Қазақстанда ресми сатылымы басталды және бұл құрылғылар мынадай түстерде қолжетімді: қара гауһар тас, тылсым аметист, сары топаз.

Galaxy S8 және S8+ құрылғыларында Samsung Galaxy сериясына тән пайдаланушыларға тиімді функциялар енгізілген:

* Шексіз экран;

* Су мен шаң қорғанысы (IP68);

* Көздің сыртқы мөлдір қабығының сканері;

* MicroSD карталарын (256 ГБ дейін) қолдау;

* көп тапсырма орындау мүмкіндігі;

* жылдам, сымсыз зарядтау мүмкіндігі.

«Алматы Аренада» өткен қазақстандық таныстырылымда Samsung Electronics өкілдері жаңа құрылғылардың бірегей басымдықтары туралы баяндап, смартфондардың озық функциялары көрсетілген болатын.

 

“The Qazaq Times”