6 мамыр күні «Алматы-Аренада» Samsung смартфондарының жаңа нұсқаларының тұсаукесері өткізілмек. Салтанатты кеште танымал ресейлік әртістер – Егор Крид пен IOWA тобы, сондай-ақ қазақстандық музыканттар – Ғалымжан Молданазар және Ninety One тобы өнер көрсетеді.

«Шексіз фестиваль!» - осы ұранмен ұйымдастырылып отырған Samsung компаниясының кезекті шарасында үлкен мән бар.  «Шексіз» - өйткені Galaxy S8+ смартфондарында түймелері және сүйір бұрыштары жоқ тегіс бетті құрайтын «шексіз» экран және жақтаусыз конструкцияда жасалған.

«Алматы Аренада»  өтетін қазақстандық таныстырылымда Samsung Electronics өкілдері жаңа құрылғылардың бірегей басымдықтары туралы баяндап, смартфондардың озық функциялары көрсетілмек. Іс-шара қатысушылары құрылғылардың мүмкіндіктерін жеке сынап көру мүмкіндігіне де ие болады.

Ұйымдастырушылар қонақтарға Galaxy S8/S8+ смартфондарының таныстырылымынан кейін, қызықты конкурстар мен ойын-сауық шараларын ұйымдастыруда.

Таныстырылымның ойын-сауық бөлімінде  ресейлік әртістер – Егор Крид пен IOWA тобы, сондай-ақ танымал қазақстандық музыканттар – Ғалымжан Молданазар және Ninety One тобы өнер көрсететін болады.

Сонымен қатар, іс-шараның бағдарламасында қызықты конкурстар мен жағымды сыйлықтар бар. Кештің шарықтау шегі - Galaxy S8 смартфондарының ұтыс ойыны болмақ.

Тұсаукесердің соңында қонақтар Алматы қаласының орталығына арнайы автобуспен тегін жеткізлетін болады.

 

Іс-шаралар кестесі:

14.00-ден 18.00-ге дейін: конкурстар, сыйлықтар, музыка.

18:00-23:00 : концерттік бағдарлама, Galaxy S8 смартфондарының ұтыс ойыны.

The Qazaq Times