АҚШ пен Қытай екі елдің ақпарат көздерінің айтуынша, екі ел арасындағы бастапқы экономикалық қайшылықтың бұлты сейіліп, кең ауқымды ынтымақтастық селбестігіне қол қойған. Келісім бойынша АҚШ табиғи газды экспорттаушы және басқа да өнеркәсіптік өндірушілері Қытай базарына кіруіне жол қойған. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.
Екі ел үкіметі осы айда кейбір бірлескен дипломатиялық мазмұндамаға қол жеткізбек. Бұл келісімдер Қытай-АҚШ сауда қатынасын қалпына келтіру, екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға бағытталып отыр. Аталған мазмұндама сәуір айындағы АҚШ-тың Қытайға экспортын арттырудағы алғашқы нәтиже болып отыр. Қытай да АҚШ-пен үлкен сауда балансын орнатқалы отыр.
Екі үкіметтің ортақтасқан мазмұндамасы АҚШ үкіметінің Қытайға экспорттауды арттырғысы келген бірнеше салаларын қамтиды. Айталық, сұйылтылған табиғи газбен жабдықтау да соның ішінде. Сұйылтылған табиғи газды Қытай базарына енгізіп, оны электр энергиясы мен жылыту жанарзатының негізгі көзі етуге тырысып отыр. Бұдан өзге де ауыл шаруашылық салаларында да АҚШ-тың Қытайға бағыттаған экспорты артқалы отыр. Десе де, ауыл шаруашылықтағы нақты қайсы салаларға келісімдер жасалғаны әлі анық емес.
Ақүй сауда өкілдерінің айтуынша, табиғи газ экспорты арқылы Қытайға бағытталған сауданы арттыру Трамптың екі ел селбестік қатынасындағы басты ұстанымы екен. Ол және жаңа жобаларды нормативтік бекітуді жеңілдетуге уәде берген. Қытай АҚШ-тың табиғи газ экспортына қолдау беруі қанаты қатпаған экспорт түріне әлемдегі ең үлкен базардың есігін ашып бергенмен бірдей. Ал, Қытай мұның қарымжысына не сұрары әлі белгісіз.