Өткен аптадан бері доллардың біртіндеп көтеріліп отырғаны байқалған. Ал бүгінгі нарықтағы доллар бағамы бірден 1,75 теңгеге құлдыраған. Бұл көрсеткіш Ресейдегі рубль бағамының да көтерілуімен байланысты болуы мүмкін.
Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 318,42 (-1,75 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 72 550 мың USD (+12 700 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+0 теңгемен және еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ.