АҚШ өзгелердің ескертуіне қарамастан бөлшектеуші PKK-нің жалғасы болып саналатын, Сүриядағы YPG ұйымын қару-жарақпен қамдау әрекетін жалғастырып отыр деп айыптайды Түркия жағы. Таяуда Ақүй YPG-ға ауыи әскери қару-жарақ беруді бекіткен. АҚШ президенті тікелей пәрмен беріп, Пентагонды террорлық ұйымды қаруландыруға өкілеттік берген. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Түркия жақтың наразылығынан кейін Ақүй өкілдері қайта-қайта мәлімдеме жасап, қауіпсіздік мәселесінде Түркияға кепілдік беретіндерін айтқан. Ақүйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер сөзінде: «Түркия жақтың қауіпсіздік мәселесінде алаңдайтынын білеміз. Әрі мұнысы орынды деп санаймыз. Десе де біз НАТО және оған одақтас болған өзге елдердің қауіпсіздігіне жауапкер болатынымызды білдіргіміз келеді», – деді.
Ақүйден кейін Пентагон да хабарлама жариялап, осы мазмұнды қайталаған. Алда түрік басшысы мен Құрама Штат президенті кездесуді жоспарлап отыр. Ердоған мен Трамп арасындағы кездесу 16 мамырға орналастырылды.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы