Франция президент сайлауының соңғы турына бірнеше күн ғана қалғанда, президенттікке басты үміткері Эммануэль Макрон Франция прокуратурасы тергеуге алды. "Xinhua" агенттігінің хабарлауынша, 3 мамыр, сайлаудың соңғы турында әріптес болғалы тұрған Эммануэль Макрон мен Марин Ле Пен телеарнада тікелей эфир арқылы пікір талас жасаған болатын. Мұның соңы үлкен жанжалға ұласты.
Аталған дебаттың басты тақырыбы – Франция экономикасы, лаңкестікке қарсы тұру жағдайы және ЕО-мен қарым-қатынасы қатарлылар Франция үшін аса маңызды мәселелерді көтерген болатын. Алайда, 140 минутқа созылған пікір талас соңы жүздесуші тараптардың бір-бірін жаға жыртысып, балағаттаумен аяқталған.
Марин Ле Пен болса Макронның қаржы министрлері мен банкирлерді форндтық басқару деген ұсынысына кері пікір айтты. Бұл дәстүрлі саяси партияларды қайталай билікке тартып, Францияның жаңаруына кедергі келтіру деген пікірін айтты.
Пікір талас соңында екі саясаткер бір-бірінің партияларына ашық балағаттар айтты. Макрон «Ұлттық майдан» партиясын француздың кереғар ашу-ызасына ғана мұрагер еткен, нағыз «алдамшы», «паразиттер» деп салды. Ол Марин Ле Пенге: «Франция сенсіз де жақсы боп кетеді», – деді.
Франция прокуратурасы Макронды «жала жабу», «қаралау» деген айыппен тергеуге алды. Енді екі күннен кейін Франция президент сайлауы болмақ. Әзірге Эммануэль Макронның кандидаттық толымдылығы алынғаны туралы ақпарат жоқ.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес