SpaceX компаниясы интернеттің жылдамдығын арттырып және баршаға қолжетімді ету үшін арнайы жер серіктерін ұшырмақ. Компанияның мемлекеттік істер жөніндегі вице-президенті Патрисия Купердің мәлімдемесіне сәйкес алғашқы жер серіктерін ұшыру 2019 жылға жоспаланған.
CNBC арнасының хабарлауынша, SpaceX 4425 жер серіктерін ұшыруды көздеп отыр, бірақ нақты қай уақытқа екендігі әзірге айтылмады.
Купер АҚШ Сенат комитетінің сауда, ғылым, коммуникация мәселелері бойынша отырысында: «Компания осы жылдың соңына таман алғашқы жер серіктерін тестілеуді бастайды. Ал тағы бір прототипі 2018 жылға жоспарланған. Қалған жер серіктері кезегімен 2024 жылға дейін ұшырылып отыратын болады» - деді.
SpaceX бұл жүйені Falcon 9 ғарыш кемесінің бортына орналастырмақ. Бұл шығынды азайтып, алғашқы жүйені қайта пайдалануға мүмкіндік береді.
Телеарнаның мәліметінше, 4425 жер серіктері 83 орбитальді жолақтарда 1110-нан 1325 шақырым биіктікке ұшырылмақ.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы