Ирак Әскери қолбасшылық штабының бастығы генерал Осман әл-Ганими Мосулды лаңкестерден тазарту операциясының соңғы мерзіміне өткенін, үш апта ішінде бұл тазалау әрекетін нәтижелі тамамдайтындарын мәлім етті.
Ирак қарулы күштерінің көрсеткен мәліметіне сүйенсек ДАИШ террорлық ұйымы Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулдың 35 пайыз аумағын өз бақылауларына ұстап отыр. Үкімет армиясы үш апта ішінде Мосул қаласын толықтай қайтарып аламыз деп хабарлады.
Мосул қаласы Ирактың солтүстігіндегі маңызды қала. Елдегі екінші үлкен қала болып саналады. 2014 жылы ДАИШ лаңкестік ұйымы қаланы басып алған болатын. Мосулды азат ету үшін өткен жылдың қазан айынан бастап Ирак үкіметі халықаралық лаңкестікке қарсы тұру ұйымдары және бірқатар елдерді жұмылдырған. Мосул шайқасы басталған кездегі мәліметтерде қалада 6 мың ДАИШ мүшесі бар делінген. Ал бүгіндер Мосулдың 35 пайыз аумағын қарамағына алып отырған 200-300 лаңкес бар деп көрсетілген.
The Qazaq Times


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер