Франция президент сайлауына негізгі үміткерлердің ұстанымдары өзгре бастады. Осы аптаның соңында болатын президент сайлауы жақындағанда ең негізгі президентке үміткер тұлғалар өз ұстанымдарынан тайқып кеткен. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Франция демократиялық президент сайлауының алғашқы турында Эммануэль Макрон мен Марин Ле Пеннің жоғары дауыс жинап, келесі турға өткені белгілі. Осыған дейін Макрон Францияның Еуропалық Одақ құрамында болуын жақтап келген еді. Ал Марин Ле Пен болса «Ұлттық майдан» партиясының өкілі ретінде ЕО-дан бас тартуды ұрандаған болатын. Алайда, сайлаудың шешуші турына бір апта уақыт қалғанда, екі кандидаттың ұстанымдары алмасып кетті.
Макрон ЕО-ның қазіргі қауқарсыз күйін көбірек тілге тиек етіп, болашақта жалғасым таба алмайды деді. Одақтың қаржы-экономикалық құрылымдарын қайта реттеуі керек екенін айтып, Еуроодаққа тән деп тапқан кемшіліктерді айта бастады.
Осыған дейін Франция үшін Еуроодақтың еш қажеті жоқ деген ұстанымдағы Марин Ле Пен ортақ валютаның француздың трансұлттық компаниялары жағынан қолдануын қуаттап, ел ішінде ұлттық валютаны қолдануды жүзеге асырған жөн деген пікірін білдірді. Дессе де Францияның ЕО-дан бас тарту шешімін халықтық референдумға салу керек деп отыр.
Франция сайлауының шешуші туры 7 мамырда болады. Шешуші турдың жеңімпазы кім болатынын нақты болжаушылар болмаса да, Эммануэль Макронға басым көп адам қолдаушы болып отыр.
“The Qazaq Times”