Соңғы бірнеше күнде АҚШ, Ұлыбритания, Австралия қатарлы бірнеше елдің Қауіпсіздік және барлау басқармаларының лауазымдылары, бірінен кейін бірі Жаңа Зеландияға ұшып келіп, құпия кеңеске қатысты. Аталған елдердің қауіпсіздік органдарын суыт жүріске салған істің себебі ақпарат құралдарынан жасырулы күйде тұр. Әлемдік ақпарат құралдарының қызығушылығын оятқан бұл істің сырына Жаңа Зеландия үкіметі де жарытымды жауап бермеді.
Осы туралы Тайуан (Тайвань) ақпарат құралдарының болжамына сенсек қазіргі әлемдік жағдайларға байланысты ұзақ болашақты көздеген жаңа жоспар түзуге жиналған. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия қатарлы елдер қауіпсіздік саласын әбігерге салған бұл құпия отырысы Қытай мен Ресей жақты да ойландыруда.
22 сәуір күні бір ұшақ Жаңа Зеландияның «Wellington» әуежайына келіп қонды. Бұл ұшақтың қанатында жазылған «10030» номері оның АҚШ Орталық барлау басқармасына тәуелді ұшақ екенін білдіреді. Ал, ертесі 23 сәуірде АҚШ Федералдық барлау басқармасының бастығы Джеймс Комий келіп түсті.
Бүгін, Ресей және Қытай ақпараттық сайттарында, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Жаңа Зеландия, Австралия қатарлы бес елдің қауіпсіздік басқармасынан 15 адам, аталған елдер бірлескен «Бес көз» атты құпия барлау бірлестігінің мәжілісіне қатысу үшін жиналған деген хабар тарады.
Аталған бес елдің ең жоғары қауіпсіздік және барлау органдары қызметін бірлестіруден жасақталған ұйым қысқаша «Бес көз ұйымы» деп аталады. Тарихын таратып айтар болсақ Екінші дүниежүзілік соғысқа барып тіреледі. Сол кездегі АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы құпия келісімдердің негізінде құрылған. Британдық үш барлау агенттігінің бірінде осы ұйымының бас штаб пәтері орналасқан. Аталған елдердің барлық қауіпсіздік барлау агенттіктері мен үкіметтік өзге ұйымдары да осы ұйымның тармағы болып саналады.
«Бес көз» ұйымының жүйесі АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс саласында мердігер қызметкері Эдвард Сноуденнің «Пизма» жобасымен жасақталған. Десе де, ұйымның көптеген құпиялықтары әшкереленіп қалған. Әсіресе соңғы кездегі америкалық және еуропалық қауіпсіздік ұйымдарының арасындағы жанжалдар ортақ құпиялардың ашылуына себеп болды.
Ұйымға қатысты болған ақпарат көздерінің хабарлауынша, «Бес көз»-ге мүше әр елдің барлау агенттігі арасында бәсеке қалыптасқан. Жаңа Зеландия премьер-министрі ресми өкілінің растауында, бұл рет құпия отырыс бір аптаға жалғасады. Қатысушылар көп елдің аталған салаға қатысты өкілдерін қамтиды делінген. Мәлімдемеші бұдан ары ақпарат бере алмайтынын айтып, кешірім өтінген. Ақпарат құралдары сол елдегі АҚШ елшілігі арқылы да сыр тартып көрсе де отырыстың не мақсатта өтіп жатқаны туралы жарытып жауап ала алмаған.
The Qazaq Times