Тараздық Бақытжан Шыңғысбектің 2003 жылғы өрімдей жас баласы Қуатбаев Нұрсұлтан Бақытжанұлы қаңтар қырғынында кісі қолынан атылып қыршын кеткен. "Баламды атқандарды тауып беріңдер" деген әкесіне Тараз ДВД-сынан Қалымбетов Науатбек Серпенович деген экстремизм терроризм бөлімінің бастығы "өзіңді отырғызып қоямын" деп қоқан-лоқы жасаған.
Әділдік іздеп жан ұшырған Тараздық 3 ата-анамен тілдестік. Арысы Астанадан тартып құзырлы органдардың қаншасына барсада істе өзгеріс жоқ. өлген балаларымыздың үстінен түрлі қылмыстық жауапкершілікті іліп жатыр дейді, қайтыс болғандардың жақындары.
Шыңғысбековтың айтуынша 6 қаңтарда нағашы апасының үйіне баруға шыққан Нұрсұлтанды әкесі 9 қаңтарда Тараз қалалық мәйітханадан тапқан. Нұрсұлтанның жамбасынан екі оқ тиген. Артынша жүрегінен қадап атқан. Таразда әділдік жоқ деген Бақытжанның айтуынша мәйтханада мүрдеден аяқ басар жер жоқ. Ол екі қыздың және басқа өрімдей жас балалардың мүрдесін көрген. Барлығы шекесінен, жүрегінен, қарындарынан атылған.
Баласын атқандарды тауып жазалап беріңдер деп жүргенде тергеушілер түрмеде жатқан бір баланың арқасынан ыстық су құйып баласының үстінен жалған куәлік бергізген.
Естеріңізге сала кетсек "Қанды қаңтар" қырғынында пезидент Тоқаевтың ескертусіз оқ ату бұйырығымен ресми дерек бойынша 230 адам оққа ұшса, 8 адам абақтыда полицейлердің азаптауынан қайтыс болған.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр