26 тамыз. Алматы. 6 айдан бері қамаудағы саясаткер, тіркелмеген "Демократиялық партияның" жетекшісі Жанболат Мамайға қарсы СИ-18 мекемесіндегі тергеуші қаңтар қырғынына байланысты қамауда жатқан бозбалаға жалған куәлік беруге итермелеген, Бұл туралы Жанболаттың жұбайы, журналист, құқық қорғаушы Инга Иманбай "Біз тергеушілердің қылмысын қолымызбен ұстап алдық..." деді.
Инга өзінің парақшасында "
Алпысбаев Тұрсынбай Бауыржанұлы. Дәл осы қазақтың жігіті тергеушілердің қысымына көнбей, Жанболат Мамайға қарсы куәлік етуден бас тартқан. Тұрсынбайға, оның ата-әжесі мен әпкесіне, қорғаушысы Жалгас Сапархановаға алғыс айтамыз! Ақиқаттан аттамай, сатқындыққа жол бермей, әділеттің жағында болғандарыңызға алғысымыз шексіз!
Құзырлы органдарды, биліктік жандайшаптарын ескертеміз, СИ 18 мекемесінде отырған Тұрсынбайға осы батыл қадамы үшін қандай да қысым, қиянат жасалса жауап бересіңдер! Біз оның ары қарайғы тағдырын бақылауда ұстайтын боламыз. Адвокатымен үнемі байланыстамыз". деді.
Жанболаттың қамалу себебі мен түрмеден босамай отыруындағы саяси астар туралы сұхбатта айтылады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті