Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейдің Ульянов облысындағы жол апатынан 14 қырғыз азаматының қаза болуына байланысты қырғызстандықтарға үндеу жолдады. Бұл туралы президент әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Мемлекет басшысы марқұмдардың туыстары мен жақындары көңіл айтып, 23 тамызды аза тұту күні деп белгіледі.
"Жол апатынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына міндетті түрде көмек көрсетіледі. Құрметті отандастар, бұл оқиға - бүкіл халықтың қасіреті, сол себепті 23 тамызды Қырғыз Республикасы аумағында Жалпыхалықтық аза тұту күні деп жариялаймын", - деп мәлімдеді Жапаров.
Бұған қоса, Қырғызстан президенті Ресейдің Ульянов облысындағы жол апатында қаза болған қырғызстандықтардың сүйегін арнайы ұшақпен елге жеткізуді тапсырды.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Эрбол Сұлтанбаевтың айтуынша, сыртқы істер министрлігі мен төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне, сонымен бірге "Манас" халықаралық әуежайына осындай тапсырма берілді. Ол қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Еске салайық, 21 тамызда Ресейдің Ульянов облысында жол апаты болып, 16 адам опат болды, олардың 14-і - Қырғызстан азаматы. Үш қырғызстандық ауруханаға түсті.