Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады. Бұл туралы Қаржылық мониторниг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ж.Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Қарағаев 2019 жылдың желтоқсаннан бастап — Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметін атқарған.
2 қаңтарда елдің батыс өлкелерінде басталған сұйытылған газдың бірден екі есеге өсіп кетуіне қарсы бейбіт шеру өткен. Соңында елдің барлық аймақтарында Жаңаөзен халқын қолдап бейбіт шеруге шыққан. Бейбіт шерудің соңы лаңкестердің араласуымен қанды қақтығысқа ұласып елде төтенше жағдай жарияланған. Ел билігі газ бағасын 180 күнге дейін 50-70 теңге аралығына түсіріп газді негізсіз көтергендерге қылмыстық іс қозғаған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі