Кешелі бері Жаңаөзенде басталған наразылыққа шығып өздерінің талап тілектерін бейбіт түрде білдіріп жатқан жұртқа қолдау көрсетіп жақтағандар мен бірге оларға қолдау білдіргендердің әрекетін арандатушылыққа балап жатқан біраз адамдарды да көріп қалдық. Осыған байланысты белгелі құқық қорғаушы Абзал Құспан өзінің ФБ-дағы парақшасында пікір білдірді. Оқырманға заңгер сөзін ұсынуды жөн санадық.
Арандатушылық деген не?
Кеше Жаңаөзенге қолдау білдірген ағайынның біразы жекеме шығып, біздің Жаңаөзенді қолдауымыз арандатушылыққа жата ма деп сұрап жатыр. Бұларға не болған десем, желіде таң атпастан біраз адам (әзірге аттарын атамай ақ қояйын) шынында да, қолдау білдірген адамдардыкі арандатушылық деп құқықтық баға беріп, қорқытып-үркітуге бел шешіп кірісіп кеткендері байқалады.
Сонымен арандатушылық деген не?
Иә, ҚР қылмыстық кодексінде арандатушылық әрекеттер үшін - қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Кодекстің 28 бабы, 4 бөлігінде сөзбе-сөз былай жазылған: “Басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндiрген адам айдап салушы деп танылады”.
Яғни, егер Сіз осы жағдайды пайдаланып, Жаңаөзендік ағайындарды қандай да бір қылмыстық іс-әрекет жасауға итермелесеңіз, тура мағынасында көндірсеңіз (!), онда Сіздің әрекетіңіз арандатушылық деп танылуы бек мүмкін!
Алайда, Жаңаөзендіктерге, осындай қиын жағдайда қолдау білдіру, ол ешқандай да арандатушылыққа жатпайды! Жаңаөзендіктерді қолдау, елдің қос өкпесінен қысып бара жатырған қымбатшылыққа, оны ауыздықтауға шарасыздық танытып отырған Үкіметке, билікке наразылық білдіру! Ал ол - Сіздің Конституциялық құқығыңыз!


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді