Кешегі күн бауылас қырғыз елі үшін аса маңызды саяси һәм тарихи күн болды. Қырғызстандықтан елдің Жоғарғы кеңесіне (қырғызша – Жогорку кеңеш) саяси партияларды сайлау үшін дауыс берді. Дауыс беру уақыты 28 қарашаның кеші, сағат 20:00-де аяқталды. Нәтижесі бүгін белгілі болады деп күтілуде. Автоматты дауыс санау жүйесіне қатысты дауға байланысты сайлау комиссиялары дауысты қолмен санауда.
Қырғыз жұртындағы сайлау ың-шыңсыз өткен жоқ. Орталық сайлау комиссиясының (ОСК / қырғызша – Борбордук Шайлоо Комиссиясы/БШК) автоматты есептеу жүйесі бір мезет өшіп қалды және қайта қосылған кезде кейбір партиялардың дауысы кемітілді. Бұған қатысты наразылық күшейді.
ОСК кешкі сағат 20:30 шамасында берілген дауыстардың 77,3 пайзы саналып болғанын мәлімдеді. Ол бойынша ондағы нәтижелер мынадай-тын:
«Сенім» (Ишеним) – 25,35 %
«Ынтымақ» (Ынтымак) – 20,58%
«Алянс» – 15,68%
«Бүтін Қырғызстан» (Бүтүн Кыргызстан) – 11,87%
«Иман Нұры» (Ыйман Нурү) – 10,58%
«Ел Үміті» (Эл Үмүтү) – 8,4%
«Ата-Мекен» – 6 %
Ө.Текебаев жетекшілік еткен «Атамекен» партиясы, А.Мадумаров жетекшілік ететін «Бүтін Қырғызстан» қатарлы дауысы кемітілген бес партия кезекті сайлау нәтижесін де мойындамайтынын мәлімдеді.
Қырғызстан ЖК сайлауы бірқатар шетелдегі қырғызстандық сайлаушыларға да дауыс беру мүмкіндігін берді. Соған қарамастан кезекті сайлауда сайлаушылардың белсенділігі бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда өте төмен. ОСК мәліметіне дауыс бергендер жалпы сайлаушылардың 30 пайызын ұстаған. Бұның негізгі себебі ретінде дауыс беруден «форма 2»-мен дауыс берудің алынып тасталуы деп түсіндіреді ОСК. Екінші себебі қатарында миграцияның жоғары деңгейін көрсетіп отыр.
Қырғыз президенті Садыр Жапаров дауыс беру уақыты аяқталғаннан кейін мәлімдеме жасап: «Таза және әділетті сайлау өткізе алатынымызды дәлелдедің», – деді. Оның айтуынша бұл елдің саяси жетістігі қатарында бағалануы керек, бұдан бұрынғы революциялардың бәрі дерлік биліктің сайлауларды әділ өткізе алмауынан деп көрсеткен.
С.Жапаров дауыстарды автоматты санау жүйесінің мәселесіне байланысты өзінің Facebook желісінде мәлімдеме жасап: «Егер шынында да ОСК жалғандық жасаған болса, ОСК-ның барлық мүшелері жауапқа тартылады. Бастарымен жауап беретін болады. Билік тарабынан сайлау ісіне араласпағанындай, Орталық Сайлау комиссиясының ісіне де ешкім киліккен жоқ», – деген.
Дауыс беріп болғаннан кейін президент Садыр Жапаров Түркіменстандағы саммитке қатысу үшін ұшып кетті.