Пандемия басталғалы АҚШ Қазақстанға жалпы жиыны 6,8 млн доллар қаржы көмек көрсетті.
АҚШ елшілігі амертикалық ірі державаның COVID-19 індетіне қарсы күресте Қазақстанға көмек ретінде қосымша 2,4 млн доллар бөлетінін хабарлады.
Қаражат вакцинаны үлестіруге, дезинформацияға қарсы күресті күшейтуге және түрлі штамның гендеріне секвенирлеу талдауын жүргізетін зертханалық жүйелерді нығайтуға жұмсалатын болады.
«Дерттің шекара болмайды. АҚШ Қазақстанмен пандемияны тоқтатып қана қоймай, оның әлеуметтік және экономикалық салалардағы терең салдарын жоюға және алда кез келген індетке сақадай сай болатын әлемді қалпына келтіруге, осы мақсаттар жолында серіктестікті нығайта түсуге дайын», – делінген елшілік хабарламасында.
Осыған дейін АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) қазақстандық 5 мыңнан аса медицина қызметкерін коронавирус жайлы біліктілік курсында оқытқан.
Биыл АҚШ миссиясы Қазақстанмен іскерлік қатынасының 30 жылдығын атап өтеді. Америка құрама штаттары Қазақстанға 2 млрд доллар инвестициялады, оның ішінде 92,8 млн доллардан астам қаржы туберкулез бен ЖҚТБ-ның алдын алу және емдеу саласындағы бағдарламаларды қолдауға жұмсалды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді