Солтүстік Корея халқы ашаршылық қаупінде қалды. Бұл туралы БҰҰ-ның арнайы эксперттері дабыл қағуда. Елдегі БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі баяндамашысы КДХР-ның ауыр экономикалық дағдарысқа тап болғанын алға тартып, ядролық бағдарламаға байланысты салынған халықаралық санкцияны алып тастауға шақырған.
Томас Охеа Солтүстік Кореядағы БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі баяндамашысы. Ол экономикалық санкция мен халықаралық шектеулер Солтүстік Кореядағы азық-түлік тапшылығын тудырып, нәтижесінде халықтың жаппай ашаршылыққа ұшырау қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді.
Солтүстік Корея азық-түлік, ауылшаруашылық тыңайтқыштары және жанар жағар май сатып алуда Қытаймен саудаға мейлінше тәуелді. Covid-19 вирусының таралуын тоқтату мақсатында билік елдің шекарасын жауып тастаған, бұл Қытаймен сауданы мүлде тұралатқан.
Тек қана билікті көтермелеуге қызмет ететін ресми ақпарат құралы «Орталық Ақпарат агенттігінің» өзі ең жоғары көсем Ким Жоң Унның да елдің ауыр жағдайға тап болғанын мойындағанын айтқан еді. Осыдан-ақ, елдегі ауыр әлеуметтік жағдайды бағамдауға болады.
Елдегі ауыр экономикалық жағдайға байланысты БҰҰ экспенрттері халықаралық санкцияларды жеңілдетіп, гуманитарлық көмектердің берілуіне мүмкіндік қалдыруын сұрауда.
АҚШ пен КХДР арасы әлі де «ал қайтесің» күйінде тұр. Байден әкімшілігі Солтүстік Кореямен сөйлесуді қалайтынын, бірақ санкциялар тоқтаудан бұрын Пиоңяң ядролық бағдарламасынан бас тартуы керек деген қатып семген шартында тұр. АҚШ пен Оңтүстік Кореяны өзін жоюды көздейтін жау деп білетін Пиоңяң билігі бұған мүлде келіспейтіні 70 жылдан бері түсінікті жайты.
Жабық режимде ел билеп отырған Ким болса бірер апта бұрын АҚШ-ты тағы да айыптап, шиеленісті ушықтырып келеді деді. Елдегі ауыр әлеуметтік, экономикалық жағдайға қарамастан КЖП билігі өзін өзі қорғау қабілетін күшейту үшін баллистикалық зымырандардан тартып түрлі әскери техникаларын дамытуды жалғастыру үстінде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?