Қазақстан парламетінің төменгі палатасы мәжілісі Қазақстанда филиалы жоқ әлеуметтік желілер мен месенжерлердің жұмысын шектейтін заң жобасын мақұлдады. Төменгі палата депутаттары мақұлдаған құжат "Бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады. Бұл туралы Vlast сайты хабарлады.
Заң жобасына сәйкес, шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенжерлер Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркеліп, филиалын ашуға тиіс. Бұған қоса, филиалды Қазақстан азаматы басқаруы керек. Бұл ережені орындамаса, заң жобасы күшіне енгеннен кейін алты айдан соң желілер бұғаттала бастайды.
Ақпаратқа қарағанда, депутаттар сонымен бірге интернет-ресурстарды бұғаттау тәртібін өзгертуді ұсынған. Егер бұрын бұл сот шешімімен жүзеге асса, енді өкілетті органның шешімімен бұғаттау қарастырылып жатыр.
Аталған ұсыныс авторлары – депутаттар Дина Зәкиева мен Айдос Сарым. Депутаттардың пікірінше, бұл нормалар кибербуллинген күресіп, бала құқығын қорғауға көмектеседі. Сайттың хабарлауынша, дегенмен сәрсенбі күні заң жобасын талқылау кезінде депутаттар бұғаттау мәселесін айналып өтіп, балаларды қорғау мәселесіне көбірек назар аударуға тырысқан.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі