Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік және шарт ұйымының бірлескен әскери оқу-жаттығулары Қырғызстанның Ыстықкөл облысында басталады. «Рубеж-2021» деп аталатын әскери жаттығуға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскерлері қатысады.
Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің хабарына қарағанда Ресей аталған жаттығу үшін қырғыз жеріне 300 әскерімен бірге 60-тан аса әскери техникасын алып барған. Ал, қазақ әскерлері жаттығуға қатысу үшін 5 тамыз күні жеткен болатын.
ҰҚШҰ-ның кезекті жаттығуы Ауғанстанда «Талибан» билікке келіп, аймақта жаңа геосаяси атмосфера қалыптасып жатқан кезге тура келіп отыр. Қырғыз жеріндегі біріккен әскери жаттығу 9 тамызға дейін жалғасады.