Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігі қызметін әрі қарай жалғастыра береді. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенген Азаттық радиосы жазды.
Дипломатиялық ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадиярдың Азаттыққа айтуына қарағанда, Ауғанстандағы жағдайға байланысты елшілік қызметкерлері азайтылған, бірақ елші мен тағы бірнеше қызметкер әлі жұмыс істеп жатыр.
"Елшілікті алып кетуге де мүмкіндігіміз бар. Бірақ басшылық шешімі бойынша олар қалатын болды. Жағдай қатты ушықса, шешім өзгеруі мүмкін" деді Смадияр.
Бұған дейін Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы және ҰҚК жетекшілері Ауғанстан мәселесіне қатысты шұғыл жиыналғанын хабарлаған. Отырыста Ауғанстандағы жағдай мен оған қатысты шұғыл шаралар туралы талқыланды делінді. Ақорда сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда, Ауғаныстан мәселесіне қатысты жиынға қатысқандардың арасында Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоқ.
Кейінгі күндері "Талибан" қозғалысы Ауғанстандағы ірі қалаларды басып ала бастады. Жалалабад, Мазари-Шариф сияқты ірі қалалары мен ел астанасы Кабул қаласыны тәліптердің бақылауына өткен. Ел президенті Ашраф Ғани шетелге кетіп қалған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні