Қазір көптеген елдерде пандемия дағдарысынан шығып кету үшін коронавирусқа қарсы вакцинацияға күш салуда. Қазірге дейін коронавирусқа қарсы вакциналардың 4 миллиардқа жуық дозасын адамдар қабылдаған.

Түрлі дағдарыстар туралы зерттеулер жарияланып тұратын аналитикалық Our World in Data интернет басылымының дерегіне қарағанда,  Covid-19  вирусына қарсы вакцина дозасын ең көп қабылдаған ел ретінде Қытай көш бастап тұр. Бұл елде вакцинаның 1,6 млрд дозасы пайдаланылған. Екінші орында Үндістан 450 млн 710 мың вакцина дозасын пайдаланған. 343 млн 360 мың доза вакцина пайдаланған АҚШ үшінші орында.

Аталған басылым дерегі бойынша алдынғы он мемлекет тізімін ретімен Бразилия (137 млн. 880 мың) , Германия (91 млн.), Англия (84 млн. 300 мың), Жапония (82 млн. 590 мың), Түркия (70 млн 525 мың), Франция (69 млн. 690 мың),  Италия (67 млн) қорытындылаған.

Бұдан тыс 50 миллионнан көп вакцина дозасын қабылдаған елдер қатарында Индонезия (64 млн), Мексика (63 млн ), Ресей (59 млн)  және Испания (55 млн) қатарлы елдер бар.

“The Qazaq Times”