Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев "Қазақстан үкіметі Pegasus бағдарламасы арқылы 2 мыңдай телефонды аңдыған болуы мүмкін" деген ақпарат дәлелсіз деп есептейді. Бұл жайлы ол мемлекеттік "Хабар" арнасынан көрсетілетін "Открытый диалог 2.0" бағдарламасында айтты.
"Анық-қанығы белгісіз нәрсе жөнінде пікір айту қиын. Бізге дәлелсіз жеткілікті дәрежеде интрига тудыратын ақпаратты беріп, әншейін соған сенуді ұсынады. Бұл тізімге кез келген адамды енгізуге болады, осылайша элита, журналистер және өзге топтар арасында күдік жаю[ға болады]. Менің ойымша, бұл жерде ақылға қонымды скептицизм принципін ұстанған жөн. Әзірге айтарым осы" деді Дәурен Абаев.
Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) бастаған журналистер тобы 18 шілдеде зерттеу жариялап, Израильдің NSO Group тобы әлем үкіметтерін тыңшылық бағдарламасымен қамтамасыз етті деп тұжырым жасаған. Зерттеуге сәйкес, 2016 жылдан бері әлем бойынша осы бағдарламаның көмегімен 50 мыңға дейін телефон нөмірі тыңдалған. Оның ішінде 2 мың шақты нөмірді тыңдау туралы тапсырысты Қазақстан үкіметі берген деген болжам бар.
Әзірге, жоба авторлары телефоны тыңдалған болуы мүмкін 8 адамның аты-жөнін жариялады. Бұлар: президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы Асқар Мамин, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина, журналист Серікжан Мәулетбай, Central Asia Monitor газетінің бұрынғы бас редакторы Бигелді Ғабдуллин.
Бұған қоса Қазақстан тізімінде Квентин Гиёме мен Мартин Вийом деген кісілердің есімі аталады. Бұлар Қазақстанда беймәлім адамдар болғанымен, болжам бойынша, үкімет қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовқа бола осы кісілерді аңдуға тапсырма берген болуы ықтимал.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді