Түркиядағы реферандум нәтижесіне наразы халық Стамбұл көшелерінде жаппай көтеріліске шығып жатыр деп хабарлайды Франс Пресс.
Агенттіктің ақпаратына сәйкес Бешикташ ауданында мыңнан аса адам, ал қаланың азиялық бөлігіндегі Кадыкта екі мың адам ереуілге щыққан.
Жексенбіде өткен конституциялық референдум парламенттік биліктен президенттік билікке өту туралы шешім шығарған. Сайлау нәтижелері бойынша, президенттің жақтастары 51,4 пайыз дауыс жинап жеңіске жетіп отыр. Ал Конституцияға осындай өзгерістер енгізу туралы заңнама Түркия парламентімен мақұлданып, ел президенті Реджеп Тайып Ердоған қол қойған болатын.
“The Qazaq Times”