Жапония үкіметі пандемияға байланысты Токиода 12 шілде мен 22 тамыз аралығында төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады.
Жапонияның экономикалық қалпына келтіру министрі Ясутоши Нишимура сарапшылар комитетінің отырысында: «Токиода кейстер саны артып, дельта штамы тез таралып жатыр. Окинаваның оңтүстік префектурасында төтенше жағдай режимін ұзартылады. Сонымен қатар Чиба, Сайтама және Канагава шығыс префектураларында, батыс Осакада инфекцияның таралуына қарсы күшейтілген шаралар 22 тамызға дейін жалғасады», – деді.
Токиода төтенше режим 20 маусымға дейін енгізіледі. Ал 11 шілдеге дейін инфекцияның таралуына қарсы күшейтілген шаралар режимі күшіне енеді. Белгіленген уақыт аралығында мейрамхана, бар және ойын-сауық мекемелерінің жұмыс уақытын қысқартылады. Сондай-ақ алкоголь өнімін сатуға шектеу қойылады.
Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 7 шілдеде Токиода 920 кейс тіркелген. Бұл өткен аптаға қарағанда 206-ға артық.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?