Ауғанстанда үкімет пен «Талибан» арасында территорияға талас соғыстары күшейді. Тәліптердің бірнеше шекара бекеттерін басып алуы Тәжікстанды экономикалық қиыншылыққа ұшыратуда.
Қырғызстанмен шекаралық жанжалдан кейін екі ел шекарасы жабылып, бұл белгілі деңгейде қырғыз және тәжік экономикасына әсер еткен еді. Енді тәліптердің шекара бекеттерін басып алуы Тәжікстанның Ауғанстан арқылы Пәкістан, Иранға және Үндістанға тауар тасымалын тоқтатып қойды.
Қырғызстандық саясаттанушы әрі конфликтолог Азамат Темірқұлов BBC-дің қырғыз қызметіне берген жауабында Тәжікстанда экономикалық жағдай нашарлай түссе, бұл ел ішіндегі қайшылықты күшейтіп, нәтижесінде тұрақсыздық орнауы мүмкін екенін айтқан.
Тәжікстанның тұрақтылығына Орталық Азия елдеріне қоса Ресей де мүдделі. Егер тәліптердің әсерінен Тәжікстанда тұрақсыздық орнаса бұл Ресейге аса маңызды стратегиялық аймақ саналатын Орталық Азияға да өз ықпалын жасамақ. Сондықтан да қазір Мәскеу қырғыз-тәжік арасындағы мәміленің тезірек қалпына келуіне мүдделі болып отыр.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі