Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел бюджетін үнемдеу мақчатында «Мемлекеттік аппарат санын қысқарту туралы» Жарлыққа қол қойды.
Конституцияның 71-бабына сәйкес енді мемлекеттік органдардың штаттық саны 30%-ға қысқарады. Жапаров ел бюджетін үнемдеп, кадрлық тағайындауда саннан сапаға көшу керектігін айтты.
Ресми хабарламада: «Мемлекеттік атқарушы билік және басқару органдары құрылымын оңтайландыру, қосарлаушы және артық функцияларды жою, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты ұстауға қарастырылған бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, Қырғызстан Республикасы Конституциясының 71-бабын басшылыққа ала отырып, Қырғызстан Республикасы Президенті әкімшілігі, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, әкімшілік ведомстволар, атқарушы биліктің өзге мемлекеттік органдары, жергілікті мемлекеттік әкімшіліктер, мемлекеттік органдардың штаттық санын 30%-ға қысқарту қаулы етілді», – делінген.
Жарлық бойынша Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті:
– қысқартылған қызметкерлерге Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыстан босату төлемін төлеуді қамтамасыз ету;
– қызметкерлерді кәсіпкерлік қызмет негізінде оқыту бойынша қажетті шаралар қабылдау;
– үнемделген қаражатты үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағыттау тапсырылған.
Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр