Бүгін, 14 маусымда Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотында"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің оппозиция белсендісі Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбайдың үстінен түсірген шағымы бойынша негізгі сот процесі басталды.
Мамайдың адвокаты "шағым беруші жаққа жақтасты" деп мәлімдеп, судьяны ауыстыру туралы өтініш жасады. Бұған қоса, айыпталушы тарап – Мамай мен оның адвокаты Ерлан Қалиев Алматы қаласы коронавирус бойынша "жасыл аймаққа" өткендіктен сотты офлайн режимде өткізуді ұсынды. Сондай-ақ Мамай мен Иманбайдың қорғаушылары сотқа Бауыржан Байбектің туыстарын куәгер ретінде шақыруды сұрады. Олардың түсіндіруінше, "іске қатысы бар құжаттарда Байбектің әкесі, қарындасы, әйелінің туыстарының аты аталады".
"Және Байбектің өзі де процеске келуі тиіс. Себебі, басты жауапкер – сол. Оның адвокаты Алматы қаласының әкімі болған жоқ" деді Жанболат Мамай.
Ал судья Райхан Сартаева бұл өтініштердің ешқайсысын қанағаттандырған жоқ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті