Қостанай облысында жемқорлық күдігіне ілінген Меңдіқара ауданының білім бөлімінің жетекшісі Қалыбек Жүгінісов дарға асылған күйі табылды. Бұл туралы Tobolinfo сайты жазды.
Сайттың жазуынша, жемқорлық ісі бойынша күдікке ілінген Жүгінісов шамамен екі апта үйқамақта болған. 2 маусымда әйелі Қостанайға кеткен кезде үйде жалғыз қалған. Кешке туыстары оны дарға асылған күйі тапқан.
Ақпаратқа қарағанда, шенеуніктің зейнетке шығуына үш жыл қалған. Қалыбек Жүгінісов 2015 жылы Қостанай облысына көшіп келіп, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Үш жыл бұрын білім басқармасының жетекшісі болып тағайындалған.
Қостанай облысының полиция департаменті "Суицид жасауға итермелеу" бабы (105-бап) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы