Астанада 7 мамыр күні әскери парадқа қатысатын парадтық есептоптар мен әскери техниканың жаттықтыруы өтуде. Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған шараның маңыздылығын жете түсіне отырып, әскери қызметшілер күн сайын дайындықтарын пысықтауда деп хабарлады Қазақстан Қарулы Күштерінің ресми сайты.
Парадқа қатысушылардың жаттығулары күн сайын өткізіледі. Сондай-ақ, әскери техниканы жоспарлы тексеру және техникалық қызмет көрсету жүріп жатыр.
Еліміздің әртүрлі өңірінен келген әскери қызметшілер палаткалы қалашыққа жайғасып, әскери техника ұрыс машиналарының арнайы далалық паркінде орналастырылды. Далалық лагерьде жеке құрамға арналған барлық қажетті жағдай жасалған. Атап айтқанда, тұруға арналған палаткалар, медициналық пункттер, тамақтану пункттері және далалық монша. Далалық қалашықтың аумағында бос уақытты ұйымдастыру үшін жылжымалы ақпараттық кешен жұмыс істеуде. Одан басқа, демалыс күндері әскери қызметшілердің елорданың мәдени нысандары мен көрікті жерлеріне аралау қарастырылған.
Астанада өтетін парадқа бір айға жетпейтін уақыт қалды. Тартылатын жеке құрам мен әскери техниканың рекордтық санынан басқа, алдағы өтетін парадтың ерекшеліктерінің бірі алаңда әскери-техникалық мектептердің автомобильді техникасында Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері, «Жас ұлан» төрт әскери мектеп пен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері және Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектептерінің оқушылары жүріп өтеді. Сондай-ақ, аумақтық қорғаныс бригадалары құрама ротасы қатысады.
“The Qazaq Times”