Вирусологтар коронавирус геномының жаңа түрінен екі жаңа мутация тапты. Мутацияның қауіптілігі соншалық, SARS-CoV-2 вирусу антиденелермен қарқынды күреседі. Зерттеу нәтижелерін bioRxiv ғалымдары жариялады.

Коронавирус эволюциясын зерттеушілер оның геномының құрылымындағы өзгерістерге мән берген. Нәтижесінде, екі жаңа мутацияның бар екені анықталған. Мутациялар SARS-CoV-2 ақуыздарының антигендік қорғанышын айтарлықтай өзгерте алады.

Пандемия басталғалы жаңа типтегі коронавирус геномында көптеген ұсақ мутациялар пайда болды. Олардың кейбіреулері SARS-CoV-2 инфекциясын арттырып, вирус планетаға тез таралды.

АҚШ-тың Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығының жетекші ғылыми қызметкері Евгений Куниннің жетекшілігімен америкалық және ресейлік вирусологтар жарты миллионға жуық SARS-CoV-2 геномдарын талдаған. Бұл геномдарды Ухань вирусының түпнұсқасымен салыстыра отырып, ғалымдар РНҚ-да SARS-CoV-2 мыңға жуық үлгіні, әр түрлі конфигурациядағы жүздеген құрылымдарды тапты.

Олар геномға біркелкі бөлінбеді: көбі вирус РНҚ-сының белгілі бір бөлігіне айтарлықтай нұқсан келтірген жоқ. Ал жаңадан табылған ек мутация (ins246DSWG және ins15ATLRI), вирус құрылымын айтарлықтай өзгертіп, адам ағзасына қаупі артады.

"The Qazaq Times"