Азық-түлік тапшылығы қысып, валютасы құнсызданған Түркіменстанда мейрамдар саны артты. Жақында қойылған алабайдың алтын мүсінінен кейін «Алабай күні» атты жаңа мереке пайда болды.
Бұл мереке Түркіменстан өзінің ұлттық қазынасы деп санайтын Ақал-теке жылқыларының мерекесімен бір күнде атап өтіледі.
25 сәуір Ашхабадта алабай тұқымды иттер арасында конкурс өткізілді. Жеңімпазды президент Гурбангулы Бердімұхамедов пен оның ұлы Сердар марапаттады. Олар медальді ит пен оның иесіне тапсырған.
Бұған дейін Түркіменстанды 2007 жылдан бері басқарып келе жатқан 63 жастағы Бердімұхамедов алабайлар туралы 272 беттен тұратын кітап жазған. Ал 2017 жылы Бердімұхамедов Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне күшік сыйлаған.
Қазір Түркіменстанда валюта құнсызданып, халықтың жағдайы нашарлады. 1 сәуірде Түркіменстан валютасы құнсызданып, «қара базарда» 1 доллардың құны 40 манатқа жетті. Бұл мемлекетте бірнеше жыл бұрын бекітілген ресми бағамнан 11 есе жоғары. 2015 жылы қаңтарда үкімет 1 доллардың бағамын 2,85 манаттан 3,5 манатқа көтерген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел