Қытайдың NetEase ойын-сауық порталының 15 сәуірдегі хабарында, осы елдің "Хунан" телеарнасында таратылып жатқан «әншімін» (i am a singer 2017) атты жаңа музыкалық жобаның финалдық бәсекесі кеше кеште ақырласқан. Қорытынды бәсекенің ерекшелігі финалға қатысқан әншілер өзіне жұп ретінде бір-бір танымал әншіні шақырып, бірлікте өнер көрсетті. Димаш бұл жолы өзімен бірге өнер көрсетуге қытайлық әйгілі әнші Шаң Вынжиені (Shang Wenjie/ 尚雯婕) талдаған.  

Шаң Вынжие болса 2006 жылғы аталған телеарнаның «Super girls» байқауының жеңімпазы. Қазір Қытай әншілер арасында жұлызы жанып тұрған әншілердің қатарында. Финалдық бәсекеде өнер көрсеткен жұбтар арасында да Димаш пен Шаң Вынжиені нағыз жоғары үйлесімділік деп танылды. Жоба сарапшылары олардың көрсеткен өнерін жоғары бағалаған.

Димаш пен оның сахнадағы жұбының микроблоктағы достық қарым-қатынасы да олардың жанкүйерлерін қатты қызықтырыпты. Бұл реткі бірлесе өнер көрсетуі екі әншінің жанкүйерлерінің талабынан шығумен қатар, екеуіндегі шығармашылық тәжірибе алмасуды тереңдетіпті. Бұны сахнаға шығардан бұрынғы қос өнер жұлдызының телеанаға берген сұхбаттарында мойындап отыр. Шаң Вынжие болса Димашты «Музыка саласында төңкеріс әкелген талантты әнші» деп мойындапты.

Қытайдағы ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде финалдық бәсекенің таратылуынан бұрын әр түрлі болжамдар айтылып үлгерген. Оның арасында біреулер Димашты бұл жобадағы «Супер әнші», «singer 2017» тележобасының бренді деген бағалар да кездеседі. Миллиондаған пікірлердің ортақ символы ретінде Қытайдағы танымал «Netease» сайтының пікірін келтіруге болады. Онда: «Димаш жобада жарқырап көзге түсті де, көкжиекті жарып шыққан қанатты тұлпардай әлем кеңістігіне самғады. Ол жоба барысында миллиондаған жандарды өзіне тәнті етіп, аудиториясына терең махаббат дарытты. Финалдың нәтижесі қалай болса да, Димаш бұл жобаның жеңімпазы», – деп жазылған.

Айта кетейік, байқау финалы сұрапыл тартысқа толы болды. Димашты қолдауға Қазақстаннан оның ата-анасы бастаған біраз адамдар барды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаева бастаған құрметті қонақтар да бар.

  “The Qazaq Times”