Әлемді аузына қаратқан қазақтың біртуар ұлы Димаш 23 қыркүйек Алматы қаласында жеке концертін өткізді. Әлемдік аренадағы даңықты әнші Ресей басқыншыларының Украинға басып кіргеніне қарсылық ретінде концертінде орыс тілінен бас тартты.
Бұл кешке әлемнің 68 елінен 6 мыңның үстінде жанкүйерлер келген. Балуан шолақ атындағы орталық стадионда ине шаншар орын қалмады. Көрерменнің көңіл-күйі де көтеріңкі болды. Әлемнің әр түпкірінен келген жанкүйерлердің жылы жүздесулері мен талантты әншінің таңғажайып дауысы Алматыны өзгеше күйге бөледі. Қаладағы белгілі қонақүйлер қарбалас қонақ қабылдап, қаланың екінші тынысы ашылғандай болды. Бұл кештің тағы бір ерекшелігі Димаш орыс тілінде Игор.Крутойдың «Любовь вставших лебедей" әнінен басқа ән орындалмады, сондай-ақ Димаш қазақ және ағылшын тілінде ғана сөйледі. Бейбітшілікті нәсихаттайтын әлем жұлдызы қарапайымдылығымен жұртты тәнті етті. Әлемнің дүрлігіп, кей елдердегі қиын жағдайға бір-ер адам ғана себепші, қарапайым халықтың бәрі бірдей, оларды бөліп-жаруға келмейді деп, бүгінгі геосаяси жағдайға көңілі толмайтынын да айтып өтті. Өзінің 15 жасар бауыры Әбілмәнсұр да бұл кеште тырнақалды туындысымен көпшіліктің көңілінен шықты. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін сүйсіне тыңдайтын Димаш репертуарындағы шығармалар толығымен орындалмаса да, 4 сағатқа жалғасқан концертті жұрт тапжылмай тамашалады. Октаваларды бағындырып, жүректерге жол тартқан Димаш феномені сырлы әлем, Димашпен емделіп, Димаштың тілінде сөйлегісі келетін жанкүйерлер де 24 қыркүйекте Алматы аренада кездесу ұйымдастырды. Кездесуде Димаштың отбасы мүшелері де болды. Елдің махаббатына бөленген қарапайым азамат ел мен елдерді жалғап тұрған көпір сияқты. Ресейдің Ростов облысында тұратын Димаш Құдайбергеннің фанаты Кристина Құдайбергенова да келген. Естеріңізде болса, ол өз тегін ауыстырып, әншінің фамилиясын алған болатын. Димаштың әр жанкүйерінің өз тарихы бар, олар әлі алда жазыла жатар. Әлем тыңдармандарының қошаметіне ие болған қазақтың қаршадай баласына ақжол тіледік. Даңқың аспандай берсін!
Нұрбәтима Байтұрсын
Алматы


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі