Қытайдағы аталмыш "Әнші" тележобасының жетінші кезеңінде, Димаш қазақ әнімен қытай сахнасын жандырды. Ол өзінің репертуарындағы "Дайдидау" әнін орындап қытайлық көрерменді тамсандырды.
Димаштың бұл реткі әнін сүйемелдеуге және оған қолдау көрсету үшін, Қазақстан Ұлттық өнер университетінің оркестрі "Әнші" сахнасына арнаулы барып қатысты. Қытай жұрты әсіресе қазақтың саф ұлттық өнер нақышына тәнті болғанын жасыра алмады. Ән аяқталысымен Қытай әлеуметтік желілерінде Димаш және оның орындаған кезекті әні туралы пікірлер қарша борады. Соның бәрі де қазақ өнері мен талантты ұлына тәнті болған пікірлер.
Димаштың әнінен кейін оның жобадағы әріптесі, қытайлық әнші Ли Жян: "Димаштың әні аса шынайы шықты. Оның бұл әнді жанына сіңіргені байқалады. Димаштың көзінде өмірдің сан қырын көрген адамның бейнесі шығып тұрады. Бұл оның артистік қаблеті емес, оған берген талант", – деп шын бағасын берді.
Жарайсың Димаш!
“The Qazaq Times”