Кеше, 20 сәуір күні Amnesty International құқық қорғау ұйымы өлім жазасы және оның орындалуы туралы жаңа есебін жария етті. Оған сәйкес, 2020 жылы әлем елдерінде өлім жазасын қолдану біршама азайып, соңғы он жылдағы ең төменгі шекке түскен. Өлім жазасын қолдануға қарсы болып келген ұйым бұған жаһандық індеттің ықпалы болды деп санайды. Бірақ, мәліметке сай өзгермеген бір нәрсе бар – Қытай өлім жазасын ең көп қолданатын ел болып қала берген.
Статистикалық мәліметтерден 2020 жылы 18 ел 483 рет өлім жазасын қолданған. 2019 жылы бұл жағдай 657 болып, оған салыстырғанда 26 пайызға азайған. Бұл сандардың азаюы негізінен Ирак пен Сауд Арабиясындағы өлім жазасын қолданудың азайғанымен қатысты. Былтыр аталған екі ел тарихында өлім жазасына кесілгендер саны айтарлықтай азайған.
2019 жылмен салыстырғанда былтыр өлім жазасын қолдану аз болумен қатар өлім жазасын қолданған елдерде саны да қысқара түскен. Айталық, 2019 жылы 20 елде өлім жазасына кесу және оны орындау тіркелген болса, былтыр 18 ел осындай қатаң жазаны қолданған. Amnesty International есебіне сай, өлім жазасының көп бөлігі Қытай, Иран, Египет, Ирак және Сауд Арабиясында болған.
Қытай – әлемде өлім жазасын ең көп қолданатын ел. Бірақ, өлім жазасына кесу және оның орындалуына қатысты мәліметтер Қытайда мемлекеттік құпия мәліметтер саналатындықтан, нақты санын тұрақтандыру қиын. Жоғарыда аталған 483 өлім жазасына деген мәлімет Қытайдағы мыңдаған өлім жазасының сыртындағы мәліметтер ғана. Ал, Қытайды қоспағанда өзге тіркелген өлім жазасы сандарының 88 пайызы бар болғаны төрт елге, Сауд Арабиясы, Ира, Ирак және Египетке тиесілі.