АҚШ одақтастарымен және серіктестерімен Қытайда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына бойкот жариялауды талқыламақ. Бұл туралы брифингте АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Нед Прайс хабарлады.
Ақ үй әкімшілігі Шыңжаңдағы геноцид мәселесін де тоқталды. Ресми өкіл баяндамасында: «АҚШ пен Қытайдың қарым-қатынасы «бәсекелестікке» негізделген. Вашингтон мен Бейжің кейде қарсыластар ретінде әрекет етеді. Біз Шыңжаңдағы ахуалды да назарға аламыз», – дейді Прайс. Яғни АҚШ Қытаймен қарым-қатынас орнату кезінде өзінің мүдделері мен құндылықтарын басшылыққа алады.
Келесі жылы Қытай қабылдап алатын олимпиада ойындарына бойкот жариялауды бұған дейін Канада, Норвегия, АҚШ саясаткерлері, сондай-ақ әлемнің әр түрлі елдерінен 200-ге жуық адам құқықтары жөніндегі ұйымдардың өкілдері қолдаған.
XXIV қысқы Олимпиада 2022 жылғы 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтеді. Қытай астанасы 2015 жылдың 31 шілдесінде Куала-Лумпурдағы Халықаралық Олимпиада комитетінің сессиясында өтетін орын ретінде таңдалды.
Бұған дейін Шыңжаңдағы жағдайға байланысты Еуроодақ Қытайға санкция енгізді. 2018 жылдың тамызында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының өкілдері Шыңжаңдағы түзету лагерлерінде 1 млн-ға жуық мұсылманжардың заңсыз ұсталғанын және адам құқықтарының тапталғанын мәлімдеді. Басқарма бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, осы аймаққа бақылаушылар жіберуді ұсынды.
Қытай билігі Шыңжаңда пенитенциарлық мекемелердің ауқымды желісін құру туралы ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарды. Сонымен қатар, 2018 жылдың соңында олар өңірде білім беру және кәсіптік даярлау орталықтары жұмыс істейтінін хабарлаған. Қытай шенеуніктерінің мәлімдеуінше, онда терроризм мен экстремизм идеяларының ықпалына түскен, қытай тілін, жазу негіздерін, коммуникативтік дағдыларды және ҚХР заңнамасының негіздерін оқитын адамдар бар. Бұл орталықтардағы адамдардың нақты санын Қытай билігі жасырын ұстап отыр.