Қазақтың қабырғалы қаламгері, қазақ прозасының бір биігі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Қабдеш Жұмаділов 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Айтулы қаламгер 1936 жылдың сәуірінде қазіргі Шыңжаңның Тарбағатай өңірінде дүниеге келген. 1956 жылдан бастап Атамекенге табан тіреп, қазақ әдебиетіндегі ұзақ сапарын бастаған. Ұлт қаламгерлерін түлеткен "Жұлдыз", "Қазақ әдебиеті" басылымдарында қызметтер атқарған.
Қабдеш Жұмаділов қаламынан қазақ оқырмандары санасынан өшпейтін "Дарабоз", "Тағдыр", Соңғы көш", "Атамекен" т.б. шығармалар туды. Бұлардың арасында "Тағдыр" атты романымен жазушы 1990 жылы Абай атындағы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын алған еді.
Қазаққа ортақ қазаға орай, марқұмның отбасына, туыс-туғанына, жалпы оқырмандарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз! Марқұмның жаны жәны жанатта, жатқан жері жарық болғай!