Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық директоры Ханс Клюге коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталады деген болжам жасады.
Алайда, вирус өздігінен жойылып кетпейді. Ресми өкіл сөзінде: «Менің ойымша, 2021 жыл да коронавирус жылы болады. 2022 жылдың басында пандемия артта қалады, бірақ бұл вирустың өзі жойылады дегенді білдірмейді», – дейді. Қазір әлемде коронавирустың британиялық штамын жұқтыру дерегі артқан.
«Британдық» вирус нақты осы елде өзгеріске ұшыраған ба, ол да әзірге белгісіз. Оның осы елде иммунитеті әлсіз, вируспен күресуге дәрменсіз науқастың ағзасында пайда болғанын (мұндай ағза вирустың өзгеруіне қолайлы саналады) болмаса сырттан келгенін ешкім тап басып айта алмайды. Мутацияға ұшыраған вирус оны жұқтырған адам басқа жақтан, мысалы, Африка елдерінің бірінен Ұлыбританияға келгенде таралуы да мүмкін. Африкада пандемияны бақылауда ұстау жағы Еуропамен салыстырғанда нашар болғандықтан, мутация байқалмауы да ықтимал.
Әзірге коронавирустың жаңа түрі алдыңғысынан әлдеқайда қауіпті, яғни ол тез таралып қана қоймай, адам ағзасына қаттырақ әсер етеді деуге негіз жоқ. Мамандар қазіргі кезде коронавирусқа қарсы жасалған вакциналар вирустың «британдық» түріне де әсер ете алады деп санайды. Аталған вакциналарды кейбір ел жаппай егуді бастап кетсе, кейбірі дайындалып жатыр.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес