Канцлер Ангела Меркельдің шешімімен Германияда карантин мерзімі 28 наурызға дейін ұзартылды. Егер кейстер азайса, аймақтарда карантин жеңілдетіледі.
8 наурыздан кейін 100 мың тұрғынға шаққанда науқастар саны 50 адамнан аспаған өңірлерде музейлер, галереялар, бақтар, кітап және гүл сататын дүкендер, сондай-ақ бау-бақша заттарына арналған базарлар ашылады. Тек тұтынушылар келетінін алдын ала ескертуі тиіс. Сонымен қатар, 2 аптадан кейін COVID-19 ушықпаған жағдайда театрлар, концерт, опера залдарына және кинотеатрларға баруға рұқсат берілмек.
Ангела Меркель: «Бірнеше сағат талқылай келе тоқталғанымыз – саясаткерлердің қазіргі міндеті алдағы уақытта ақылға қонымды қадамдар жасау. Әйтпесе, Еуропада біз сабақ алатын мысалдар жетерлік. Кейбір елдер қателік жасап, індеттің таралуының үшінші толқынына ұрынды. Мұндай қауіп бізде де бар. Сондықтан 2021 жылдың көктемі былтырғы көктемнен жақсы жағынан мүлде өзгеше болуы керек.», – дейді
Соңғы бір аптада коронавирустың британдық штамы тағы 5 елде тіркелген. Қазір вирустың бұл түрі табылған елдердің қатары 106-ға жетсе, оңтүстікафрикалық штам 56 мемлекетте табылған. Ал бразилиялық штамм 29 елде тіркелген.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дың түрленуі қалыпты жағдай екенін айтқан болатын. Дегенмен, бір аптаның ішінде коронавирусқа шалдыққандардың саны бұған дейінгі кезеңмен салыстырғанда 7%-ға артқан. Індет әсіресе Еуропа елдерінде, Оңтүстік Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америкада ушығып тұр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді