Жексенбіде Мьянма полициясы елде төңкеріс жасаған әскери билікке қарсы шыққан демонстранттарға күш қолданды. Reuters мәліметінше, кем дегенде 18 наразылық білдіруші қаза тапуып, 30-дан астамы жарақаттанған.
Мяьнмадағы ахуалды бақылап отырған БҰҰ басшысы Антониу Гутерреш әскерилерден елдегі зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етті. Демалыс күндері демонстрациялар Мьянманың көптеген қалаларында өтті. Сонымен қатар, наразылықтар Янгонда, Тавой және Мандалай қалаларында ұйымдастырылды. 1 ақпанда болған бүліктен кейін кешегі дата Мьянмадағы қанды жексенбі ретінде аталды.
БҰҰ мәлімдемесінде: «Бас хатшы Мьянмадағы репрессияны қатаң айыптайды. Бейбіт демонстранттарға қарсы жауынгерлік қару қолдануға және тұтқындауға жол берілмеуі тиіс. Осы ретте БҰҰ халықаралық қауымдастықты бірігуге және әскери қызметкерлерге Мьянма халқын құрметтеуін және репрессияны тоқтатуын талап етеді», – делінген.
1 ақпанда Мьянма әскерилері елде төңкеріс жасап, биліктегі Аун Сан Су Чжи мен бірнеше саясаткерді үйқамаққа алған. Әскерилер былтыр қарашада өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген еді. Былтырғы сайлауда Аунг Сан Су Чжи басқаратын Демократияшылардың ұлттық лигасы партиясы жеңімпаз деп танылған. Әскерилер сайлау әділ өтпеді деп санайды.
Әскерилер 1962 жылдан бері билікте отыр. 2011 жылы халықаралық қысымнан кейін олар демократияға біртіндеп көшуге келіскен. Есесіне парламенттегі орындардың 25%-ын сақтап, күштік құрылымдарды бақылауында ұстап қалған.
Демократияны қолдайтын азаматтық қоғам жетекшісі Чжо Мо Тун партиясы одан кейінгі сайлаулардың бәрінде жеңген. Аун Сан Су Чжидің Демократияшылардың ұлттық лигасы былтыр сайлауда басымдықпен жеңіп, әскерилердің араласуынсыз тәуелсіз үкімет құру мүмкіндігіне қол жеткізген.