Алматыда «Демократиялық партия» құрғысы келетін бастамашыл топ өкілдерін арнайы жасақ қоршауға алып, Республика алаңына қарай шеруге шығуға мүмкіндік бермеді. Қаладағы Орталық саябақта полиция шеруге шыққан 50 шақты адамды күшпен ұстап әкетті.
28 ақпан Қазақстанда митинг өткізуге екі оппозициялық топ шақырған. Бірі – «Қазақстанның демократиялық партиясын» құру жөніндегі бастамашыл топ. Ал екіншісі – Қазақстанда заңсыз деп танылған, бірақ Еуропарламент «бейбіт ұйым» деп атаған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы. Митинг күні астанада да, Алматыда да арнайы жасақ қойылып, интернет бұғатталды.
Шеру басталғаннан бері Алматыдағы Орталық стадион аумағында мобильді интернет жұмыс істемейді. Кеттлинг әдісімен қоршауға алынған белсенділер «Назарбаев, кет!» деп ұрандады. Ал «Мамай – қарабет» деген 10 шақты адам арнайы жасақтың сыртында жүр. Қоршауда қалған «екі адамның қабырғасы сынғаны» айтылып, жедел жәрдем шақырылды.
Шеруде он шақты бүркенген билікшіл спикерлер жүр. Олар биліктің саясатын жақтап, акцияға шығушыларды қаралап бағуда. Сондағы наразылардың бірі «көзілдірік таққан, билік сөзін сөйлеп тұрғандар – Нұр Отан мүшелері» дейді.
Абдуллиндер көшесінің қиылысында автомобильдерге арналған жол да жабық; саябаққа жақын жерде полиция тіпті жаяу жүргіншілерге жол бермейді. Саябақ аймағындағы дүкендер мен мейрамханалар жабық.
Сонымен қатар, ҚДТ қозғалысының жақтаушылары жиналуды жоспарлап отырған саябаққа кіре берісте Орталық мәдениет және демалыс саябағы тазалық күніне жабық деген хабарландыру бар. Мұнда қоғамдық көліктер де жүрмейді: троллейбустардың бағыты өзгертілген. Мобильді интернет бұл ауданда да жұмыс істемейді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы