АҚШ-та казино мен қонақ үй орналасқан Атлантик-Ситидегі 39 қабатты Trump Plaza ғимараты жарылды.
Аljazeera сайтындағы мәліметтер бойынша, Дональд Трампқа тиесілі ғимарат өздігінен құлай бастағандықтан, Атлантик-Сити мэрі Марти Смолл өзінің әкімшілігіне қонақ үйді сүру туралы тапсырма берген.
Ғимараттағы казино Атлантик-Ситиде 1984 жылы ашылған. Сол жылдан бастап ғимаратта бірнеше рет бокс жекпе-жегі өтті. 2014 жылы ойын мекемесі жабылып, ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданды. Салдарынан мыңдаған адам жұмыссыз қалған. Казино жұмысын тоқтатқаннан кейін 2016 жылы меншік Trump Entertainment Resorts-тан Icahn Enterprises-ке өтті.
Өткен жылдың соңында «The Guardian» газеті Trump Plaza-ны сүру құқығы компаниялар үшін қайырымдылық аукционында сатылатынын жазды. Басылымның мәліметінше, Трамп 2009 жылы Атлант-Сити әкімшілігімен байланыстарды үзген. Осыдан кейін ол өз атын пайдаланғаны үшін қаладағы үш казино кірістерінің тек 10%-ын алған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні