Джо Байден Америкаға 44-ші президент Барак Обама әкімшілігі кезіндегі сыртқы саясатты қайтармауы тиіс. Байденнің саясаты Американың қарсыластарына жол ашып береді. Fox News телеарнасыа сұхбат берген АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео осылай деп мәлімдеді.
Таяуда Джо Байден алғаш рет ресми мәлімдеме жасап, «Америка қайтып оралды. Дипломатия біздің сыртқы саясатымызға оралды», – деген болатын. Байден АҚШ-тың жаңа әкімшілігі Дональд Трамп жүргізген «оқшаулау саясатын» түбегейлі тоқтатып, Ресей мен Қытайдың демократияға қарсы әрекеттеріне тосқауыл болатынын айтты.
Ақ үй басшысының айтуынша, қазір Вашингтон «қаупі артқан авторитаризмге, оның ішінде Қытайдың Америкамен бәсекелесу амбицияларына, сондай-ақ Ресейдің демократияға нұқсан келтіруіне тап болды. Дипломатия дегеніміз – біздің негізгі одақтастарымыз бен серіктестерімізбен иық тіресе тұру. Біз бірнеше жыл ішінде жоғалған сенімділік пен моральдық беделімізді қалпына келтіргіміз келеді». Байден Американың жаңа билігі халықаралық байланыстарды түбегейлі қалпына келтіріп, әлемдегі көшбасшылық позицияны қайтаратынын айтты.
Президенттің бұл мәлімдемесін Трамп әкімшілігі кезінде Мемлекеттік хатшы болған Майк Помпео сынға алды. «Байден Американы «Ислам мемлекетін» қалпына келтіріп, ахуалды ушықтырмақ па? Президент Трамп пен біздің команда бұл мәселенің шешімін жоғары деңгейде шешкен болатын. Ал Байденнің жаңа әкімшілігі бұл жоспарды құрдымға кетіруі мүмкін», – деді Помпео.
Байденнің «Америка оралды» деген сөзін мысалға келтірген Помпео: «Бұл әрекет Қытайды қайтадан күшейтіп, Канзас немесе Оңтүстік Каролинадағы миллиондаған жұмыс орындарын құртатын білдіре ме? Байден бұл сөзі арқылы Израильді елемей, Ирандағы терроризмнің дамуына үлес қосатынын білдірді. Яғни Байден Америкада 8 жыл билік еткен Обама кезіндегі саясатты қайтармақ», – деді.
Бұрынғы Мемлекеттік хатшы сонымен бірге Трамп әкімшілігі Ресейдің АҚШ сайлауына әсер ету әрекеттеріне кедергі келтіргенін де еске салды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді