Александр Лукашенко «2020 жыл әскерилер мен шекарашылар үшін ауыр болғанын және Беларусь билігі бұл сынақтан сәтті өткенін» айтты.
Лукашенконың БелТА агенттігінде жарияланған мәлімдемесінде: «Өткен жыл бәріміз үшін, әсіресе сарбаздар мен шекара күзеткендер үшін сынақ, әрі тексеріс болды. Айта кету керек, біз бұл тексеруден өттік: шекара әскерлері өздерінің негізгі бағыттары бойынша басқа күш құрылымдарына қарағанда әлдеқайда жақсы жұмыс істеді. Батыста біз тек Беларусьті ғана емес, одақтас мемлекеттің шекарасын да қорғаймыз. Сондықтан біз мемлекеттік шекараны қорғауға үлкен көңіл бөлеміз», – делінген.
Лукашенко мемлекеттік шекараны қорғаудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасатынын айтты. Осы мақсатта жаңа шекара бекеттері мен маневрлік топтардың саны артқан.
Мемлекет басшысы заңсыз көші-қонға, есірткі трафигіне, контрабандаға, террористік қатерлерге қарсы күрестегі оң нәтижелерді де атап өтті.сонымен қатар, «Еуропаның соңғы диктаторы» атанған Лукшенко «Менің бұйрықтарымды әскерилер жоғары деңгейде орындады» – деп Беларусь сарбаздарына ризашылығын білдірді.
Беларусьтер 9 тамыздағы даулы сайлаудан кейін жаппай наразылық таныта бастаған. Билік аяусыз басып-жаншыса да, үкіметке қарсылық басылмақ емес. 66 жастағы Лукашенкоға халықаралық қысым да күшейіп келеді. Батыс елдері, оның ішінде АҚШ, Канада мен Еуропа Одағы Лукашенконы Беларусьтің заңды президенті деп танудан бас тартып, оған және жоғары шенді шенеуніктерге сайлауды бұрмалады және демонстранттарды қуғынға ұшыратып отыр деп санкция салған.
Human Rights Watch ұйымының 2021 жылғы есебі бойынша, Беларусь полициясы қарашаның ортасына дейін 25 мыңнан астам адамды ұстаған. Мұнымен қатар, Беларусь билігі «саяси оппозиционерлерге, наразылық танытушылар мен олардың жақтастарына, азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушыларға қарсы саяси астары бар жүздеген қылмыстық іс қозғаған».


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы