АҚШ әкімшілігі Ұлттық Ассамблеяны (бір палаталы парламент) басқаратын Венесуэла оппозициясының өкілдеріне 1,7 миллиард доллар бөлді. Елдегі оппозицияны экстремистік топ ретінде таныған Николас Мадуро АҚШ-тың бұл әрекетін қатаң сынға алды.
Мемлекеттік телеарналардағы мәлімдемесінде Мадуро: «АҚШ үкіметі Ұлттық Ассамблеяның осы құрамына 1,7 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді. АҚШ Конгресінің жаңа құрамы қазіргі президент Дональд Трамптың бұл әрекетіне қарсы тергеу жүргізуін талап етеміз. Себебі Венесуэлада бұл топ экстремистік деп танылған», – дейді.
Венесуэладағы жағдай 2019 жылдан күрт нашарлаған. 23 қаңтарда Жоғарғы Сот жойылғаннан кейін Венесуэладағы жағдай шиеленісіп кетті. Сол уақытта Ұлттық ассамблея бақылауындағы оппозицияны басқарған Хуан Гуайдо өзін үкімет басшысы ретінде жариялаған. Оған АҚШ-пен қоса алғанда 50-ден астам мемлекет қолдау көрсетті. Еуропалық одақ Гуайдоны елдің легитимді басшысы ретінде таныды. Ал Қытай мен Ресей билігі қазіргі президент Николас Мадуро үкіметіне сенім білдіріп, АҚШ және Еуропа елдерінің Венесуэла оппозициясына қолдау білдіруін «халықаралық құқықбұзушылық» деп атаған.
Ал қазіргі президент Мадуро бұл жағдайды «мемлекеттік төңкеріске қадам» деп атады және АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынастардың үзілгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Мадуроға Ресей, Беларусь, Иран, Қытай, Куба, Никарагуа, Сирия қолдау білдіріп отыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді