Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялардың пікірсайысына қатысатын спикерлердің тізімін жариялады.
30 желтоқсанға белгіленген «Хабар» арнасында өтетін сайлау алдындағы дебатқа әр партиядан бір өкіл қатыспақ. ОСК хабарлауынша, «Хабар» агенттігінде телевизиялық пікірсайыс өткізу туралы қаулысы қабылданып, дебат регламенті бектілген.
«Саяси партиялардың шешімімен айқындалған телевизиялық пікірсайыстарға қатысушылардың құрамында «ADAL» партиясысының саяси кеңесінің мүшесі Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы, «Ақ жол» төрағасы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы, «Ауыл» партиясының төрағасы Бектаев Әли Әбдікәрімұлы, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Қоңыров Айқын Ойратұлы, «Nur Otan» партиясынан төрағаның бірінші орынбасары Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы бар», – деді Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова.
Азаматтық белсенділер төрағалар мен Назарбаевтың сенім білдірген өкілі қатысатын дебатқа елдің қызығушылығы жоқ деп санайды. Олар мұның себебі аталған партиялардың билік партиясынан «енші алып шығуын» және әрдайым мақтап-мадақтауын алға тартады.
Әдетте сайлау қарсаңындағы қазақстандық дебаттар ешбір тартыссыз, «бәсекелес» кандидаттардың бір-бірін құпатап-қолдауымен өтеді. Былтырғы президент сайлауының дебаты да спикерлердің өзара пікір қайшылығынсыз, «ың-шыңсыз» өткен.
Қазақстанда сайлауға түсу үшін міндетті түрде ресми тіркелген әлдебір партияға кіру қажет. Жекелеген кандидаттар сайлану құқығынан қағылған. Тәуелсіз сарапшылар партиялық тізіммен сайлауды әділетсіз, шынайы оппонет партияның жоқтығын, олардың «билікшіл» екенін айтып сынайды. ТМД аясынан тыс елдерден келген халықаралық бақылаушылар, мәселен ЕҚҰЫ Қазақстанда осыған дейін өткен сайлаудың барлығын әділ өтпеді деп бағалаған. Олар сайлау кезінде дауыс ұрлау мен фальсификация, оппозиция тарапына қысым жасау, ақпарат құралдарының жұмысына кедергі келтіру сияқты фактілер болғанын жиі айтады.
Қазақстанда ресми тіркелген алты партия бар. Оның бірі өзін «нағыз» оппозиция санайтын ЖСДП қуғындағы саясаткер-банкир Мұхтар Әблязовтің үгітінен кейін сайлауға қатысудан айнып қалған. Өзге бес партия алдағы жылы 10 қаңтарға белгіленген мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға партиялық тізімін өткізіп қойды. Олар – биліктің «Нұр Отан» партиясы, «Адал» (бұрынғы «Бірлік»), «Қазақстанның халық партиясы» (бұрынғы «Қазақстанның коммунистік халық партиясы»), «Ақ жол» және «Ауыл» партиялары. Қазақстанда сайлаудан көңілі қалған немесе оның әділ өтеріне сенбейтін азаматтар аз емес.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі